«СТАНДАРТ» индустриялық паркінің тұсаукесері өтті

Screenshot_5.jpg

Шымкент қаласында жүзеге асып жатқан «Іскер қала» өңірлік бағдарламасының бір бағыты – индустриялық парктерді дамыту. Бағдарламаны ілгерілету мақсатында бүгін «СТАНДАРТ» индустриялық паркінің тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Шымкент қаласы филиалының директоры Нұрлан Қабыштаев қатысты.

Индустриалды паркті құруға 118,9 га аумақтағы бұрынғы қорғасын зауытының аумағы негіз болды. Индустриалды паркте кәсіпкерлердің тапсырысы бойынша дайын үй-жайларды салу жоспарлануда. Бірінші кезеңде – 41 200 м2, екінші – 86 500 м2, үшінші – 49 000 м2 құрылыс жоспарлануда. 2022 жылы барлық инфрақұрылым аяқталады. 

Тұсаукесерде сөз алған Айбек Сәттібаев Шымкентте кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Егер кәсіпкер нақты бизнес жоспармен келсе, тиісті жерлер оған барлық көмекті көрсетеді. Ал Нұрлан Қабыштаев Шымкент қаласында кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік мол, нарық көлемі өте ауқымды екенін айтып, көпшілікті кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды.

- «Іскер қала» бағдарламасы аясында Индустриалды парк тұрғындарына 3 жылға дейін жалға алу құнын өтеу қарастырылғанын атап өткім келеді. Бұл өңдеуші саланың мақсаты – жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ынталандыру, ішкі тұтыну нарығын толтыру және отандық өнімді өндіру. STANDART индустриалды паркін құру шағын және орта бизнесті қолдаудың тағы бір қадамы болып табылады, - деді филиал директоры. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады
  • Где можно оплатить за проезд на дорогах республиканского значения?
  • В древности на территории шымкентской цитадели жили зажиточные люди
  • Что привлекает туристов в Шымкенте?
  • ҚР Мемлекеттік хатшысы Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді