«Визит» ЖШС «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы өндірісті арттырды

Screenshot_9.jpg

Қазақстан республикасы кәсіпкерлік саласын дамыту үшін жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Кәсіп бастаған әрбір азаматқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Осы орайда көптеген мемлекеттік бағдарламалар іске қосылды. Соның бірі - «Қарапайым заттар экономикасы». 

Шымкентте аталған бағдарламаның шарапатын көрген кәсіпорындар аз емес. Соның бірі - «Визит» ЖШС алкогольсіз сусындар шығаратын зауыты. Бұл Қазақстандағы ең көне сусын шығаратын компания, оның өнімдері шөлді қандырып қана қоймайды, сонымен қатар денсаулықты нығайтады. Зауыт өткеннің даңқты дәстүрлерін мұқият сақтайды және сонымен бірге заманауи нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін технологияларды үнемі жаңартып отырады. Жақында "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Шымкент қалалық филиалы зауыт жұмысымен танысып қайтқан болатын. Олар зауыттың қазіргі ахуалын зерделеп, проблемаларды шешу жолдарын қарастырды. 

Өндірістік қуатты арттыру үшін «Визит» ЖШС «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу жобасы аясында қаржыландыру алды. Бүгінде зауыт қайта құрылуда, жаңа құрал-жабдықтар сатып алуда. Кәсіпорын толықтай дерлік қалпына келтіріліп, бұрынғыдай жұмыс істей бастады. Қазір суды қосқанда жылына 1,5 миллион литрге жуық сусынның барлық түрлері шығарылады. Кәсіпорын екінші рет қарапайым заттар экономикасы аясында қаржыландырмақшы.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады
  • Где можно оплатить за проезд на дорогах республиканского значения?
  • В древности на территории шымкентской цитадели жили зажиточные люди
  • Что привлекает туристов в Шымкенте?
  • Кәсіпкер депутаттар жастармен кездесті