Жәнібек Әлімханұлы: Жақында титул үшін күресемін

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) бразилиялық Эскива Фалькаоға (29-0, 20 КО) кезекті хабарламасын жолдады.

Screenshot_2.jpg

"Бауырым, сенің рекордың 29-0. Неліктен сен әлі чемпион емессің? Менің рекордым 11-0, жақында титул үшін күресемін. Экс-чемпионды 11-жекпе-жекте нокаутқа жібердім. Сен 11-жекпе-жекте 7-1 рекордтағы боксшыға қарсы күрескенсің. Менің ойымша, кім мықты екенін бәрі біледі!"- деп жазды Әлімханұлы Twitter-дегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлына орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін Фалькао Эскивасымен жекпе-жек өткізуді міндеттеген болатын.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жәнібек Әлімханұлы: Жақында титул үшін күресемін
  • Президент техникалық мамандықтарды неге Ресейде оқу керек екенін айтты
  • Қырғызстан Президенті шекарадағы жағдай бейбіт жолмен шешілетінін айтты
  • Кезінде Назарбаевты «пір» тұтқан депутаттар қазір теріс айналып жатыр
  • «Утильсбор» бастығы ұсталды