Мәжіліс депутаты Президенттің шындықты ашып айтқанына дән риза болды

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне қатысты пікір білдірді. Ол Президенттің еліміздегі кедейшілік мәселесін ашып айтқанына дән риза. 

Screenshot_1.jpg

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қоғамды, азаматтарды толғандырып жүрген көптеген мәселеге тоқталды. Президент еліміздегі кедейшілік мәселесін ашық айтты. Елімізде күн көріс дәрежесі төмен 1 млн-ға жуық халық бар. Олардың әлеуметтік деңгейін көтеру ең басты мәселе", - деді Сайыров. 

Депутат атағандай, халықты сапалы, жоғары дәрежелі жұмыс орындарымен қамтамасыз ету де маңызды проблема.

"Сонымен бірге Президент «Алтын Орда» базарындағы заңсыздықтарды жоюға баса назар аударды. Біздің елімізде заңнан тыс топтар мен азаматтар болмауы тиіс. Бұл базарда салықтан жалтару, санитарлық нормаларды сақтау заңсыз алым-салық жию фактілері өте көп. Осы базардағы былыш-шылықты тазалай отырып, мелмекетке келген шығынды өтеу мәселесі де өзекті. Бұл проблема бойынша құқық қорғау органдарына нақты тапсырма берілді", - деді ол. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мәжіліс депутаты Президенттің шындықты ашып айтқанына дән риза болды
  • Тоқаев Маңғыстауда миитингке шыққан жұмысшыларға қатысты тапсырма берді
  • Шымкентте баласын сатқан көпбалалы әйел сотталды
  • Ольга Рыпакова қазақстандық Олимпиадашыларға сәттілік тіледі
  • Назарбаевтың ең сенімді кадрларының бірі Бауыржан Байбек те жұмыссыз қалды