Танымал продюсер қос келініне ақылы мен өтінішін айтты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндеріне ақыл-кеңес берді. Ол келіндерін адал болуға, ата-енесін сыйлауға шақырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Screenshot_3.jpg

"Алла бақ берсін жандарым сол, өмірімнің жалғасы“…Абысын тату болса ас көп деген” Сендер тату болсаңдар, ұрпағымызбен бақыттымыз. Ата-ананың, бауырлардың, бала-шаға, құда-құдағи бәрінің татулығы сендердің қолдарыңда. Әпкелі-сіңілідей бір-біріңе әулеттің бақыты үшін, адал болыңдар. Ендігі өміріміз сендердікі, сол себепті өміріміздің жалғасы сендер. Ертеңгі күні біздер де сендердің қолдарыңа, көңілдеріңе қарап өмір сүреміз, ол өмірдің заңы. Ата-ананың батасы сендердің өмірлік бақ-берекелерің осыны ұмытпаңдар. “Бір әйелдің ақылы қырық есекке жүк” деген, бақытты болуларың үшін емес, осы әулет сендердің ұрпақтарың болғандықтан, бақытты етемін деген ниетпен, барлығына үлкен сеніммен қадам басуларыңа тілекшімін, жандарым сол! Мына суреттеріңді көріп толқып, қуанып отырмын. Алла бақ берсін", - деп жазды продюсер.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Танымал продюсер қос келініне ақылы мен өтінішін айтты
  • Тұңғыш Президент Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады
  • Зеленский Үшінші дүниежүзілік соғыс қашан басталатынын айтты
  • Путиннің күзетшілері жоғалып кетіп жатыр
  • Түркістанда «Түркістан - ер түріктің бесігі» атты республикалық ақындар айтысы өтті