Жапаров бір тиын да ұрламауға ант берді

- Мен қазынадан бір тиын да ұрламаймын және өзгелердің де ұрлауына жол бермеймін. Өйткені мен мемлекетке адал болуға ант еткенмін, - деді Қырғызстап президенті Садыр Жапаров әлеуметтік сала қызметкерлерінің республикалық жиынында.

Screenshot_4.jpg

- Сіздердің естеріңізде болар, қазынаның қаржысына қол салғандардарға ұрлаған ақшасын қайтарып беруге мәжбүр еттік. Біз осы жұмыстарды жалғастыра береміз, - деді Жапаров. 

Президенттің айтуынша, кәсіби біліктілігі жоғары қырғызстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеп шығару үшін әлеуметтік саланы материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету керек. 

- Осы мақсатқа жету үшін мен президент бола салысымен барлық күш-жігерімді бюджет қаржысын молайтуға жұмсадым, - деді президент. Мемлекет басшысы сондай-ақ, салық және кедендік алымдардың түсімін жақсартуды талап еткенін мәлімдеді . 

- Менің қазіргі үкіметке қойып отырған талабым осы-бюджеттің кіріс бөлігін көбейту. Қазір Министрлер кабинеті өте белсенді жұмыс істеп жатыр, оның жемісін де байқап отырсыздар, - деді Жапаров.

Жалпы, Жапаровтың президенттік  креслоға отырғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Бір жарым жылға жуықтапты.  Осы аралықта ол президенттік билікті күшейтті, елдің Конституциясына өзгерістер енгізді. Бірақ елдің экономикасында, халықтың тұрмысында  анау айтқандай ілгерлеушілік жоқ сияқты. Оның үстіне Жапаровтың қызыл сөзге әуестігі байқалады. Өзінің адал, таза екендігін, экономиканы жақсартуға мүдделі екендігін  еске сала берудегі мақсат не? Бұл барлық президенттің ең басты міндеті емес пе?


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жапаров бір тиын да ұрламауға ант берді
  • Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетелдік ұсталды
  • Айсұлтан Назарбаевтың жерленген жерінен фото тарады (фото)
  • Димаш Құдайберген науқас баланың арманын орындады (видео)
  • Облыстық мәслихат 50Х50 пайызбен сайланады