Путин әскеріне өте мықты қолбасшыны тағайындады

Ресей Украинадағы әскерінің қолбасшылық құрылымын ауыстырып, әскерді бастайтын жаңа қолбасшыны тағайындады. Нақтырақ айтсақ, Сирияда ресей әскерін басқарған тәжірибелі генерал Александр Дворников енді Украинадағы ресей әскеріне қолбасшылық етпек. Бұл ақпаратты BBC News хабарлады.

Screenshot_4.jpg

Басылымның жазуынша, Украинаға басып кірген ресей әскерінің ұйымдасуы мен басшылығы нашар болды, енді Дворников әскердің ұйымдасуын жақсартып, жаңа ұрыс алаңына шықпақ.

«Дворниковтің тәжірибесі мықты. Сирияда ресей әскерін ұзақ жылдар басқарған. Ресей әскері жаңа күш аларына сенімдіміз», - деп пікір білдірген батыс шенеуніктері.

Пентагонның хабарынша, қазір Ресей бүкіл күшін Донбастың маңайына топтастырып, осы маңда дүрбелең ұрыс жасағалы жатыр. Әзірше ұрысқа шықпауының себебі – бүкіл әскердің жиналғанын күтіп отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Путин әскеріне өте мықты қолбасшыны тағайындады
  • «Құрметті Президент!»: Роза Рымбаева Тоқаевқа ашық хат жолдады
  • Сатыбалды мен Әйтеновтың арасында не байланыс бар?
  • Болат Назарбаев зауыт директорынан айына 300 мың доллар алып отырған
  • Қырылған халқын көрген Зеленский көзіне жас алып жылап қалды