Аудандық ауруханалардың мәртебесі артады - Денсаулық сақтау министрі

Screenshot_4.jpg

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевпен кездесіп, жаңа медициналық бекеттер мен дәрігерлік амбулаториялар салуды, ФАП-тарды кеңейтуді көздейтін ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ауқымды жоба жайлы айтты. Бұл әсіресе шалғай елді мекендері дамытуға бағытталмақ. 

- Жоба аясында аудандық және ауданаралық ауруханалардың мәртебесі артып, олардың базасында инсульт орталықтары, шағын инвазивті хирургия бөлімшелері ашылады. Сондай-ақ, бұл жоба ауыл тұрғындары үшін кәсіби тексерулерді кеңейтуді, медицина кадрларын даярлауды көздейді. Ауыл тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында аудандық және ауданаралық ауруханалардың мәртебесі арттырылатын болады, - деді министр. 

Ажар Ғинияттың айтуынша, ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қол жетімділігі артып, ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді. Тамыз айынан бастап, шалғайдағы ауыл, аудан тұрғындары толық профилактикалық тексеруден өтеді. Ол үшін әрбір ауылға арнайы жылжымалы медициналық көлік жөнелтіледі. Бұдан бөлек еліміздің бас дәрігері халық саны 500-ден асатын барлық елді мекендерге фельдшерлік-акушерлік пункттер салынатынын жеткізді.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/kfI8n4C_RGw" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen=""></iframe>

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудандық ауруханалардың мәртебесі артады - Денсаулық сақтау министрі
  • «AMANAT» партиясы ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары анықталды
  • Түркістанда «қамқорлық» оңалту орталығы ашылды
  • Шымкентте жаңа оқу жылында халықаралық мектеп ашылады
  • «Жыл мұғалімі» атанған ұстаз азғындық әрекеттері үшін ұсталды