ОҚО-да «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық кино фестивалі болып өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық шығармашылық кино фестивалі басталды.

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бастамасымен Оңтүстікте алғаш рет ұйымдастырылған шараға министрліктің қосымша білім беруді дамыту орталығының өкілдері мен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, еліміздің барлық аймақтарынан келген мектеп оқушылары және ұстаздар қатысты. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының «Тәрбие және Білім» тармағындағы «Дарындылар елі» жобасы бойынша іске асқан бұл шара үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру, дарынды балалар мен жастарды анықтау, тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыра отырып, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.

Республикалық шығармашылық кино фестиваліне 600 -ден аса оқушы қамтылып отыр. Оның ішінде 160 оқушы деңгейлі үміткерлер.

57d3705b-ca6b-43cd-af26-1c0aa1f7c7ef.jpg

Қатысушылар бүгінде «Айналаға қара!» және «Туған жер» тақырыптарында түрлі жанрдағы қысқаметражды фильмдер мен шығармашылық шешімі бар деректі фильмдер, анимациялық және әлеуметтік ролик, музыкалық фильмдер ұсынып отыр.Фестиваль барысында «Қамқорлық» жобасы шеңберінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың  қолөнер бұйымдары жинақталып, арнайы жәрмеңке ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, Оңтүстік өңірінен шыққан танымал драма және кино актерлардың  фото-сурет көрмесі мен «Оңтүстік фильм» киностудиясының  тақырыптық  бейне фильмі көрермен назарына  ұсынылды. Екі күнге жалғасатын фестиваль қорытындысымен жеңімпаздар арнайы диплом мен сертификатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Daryn Online платформасы жаңа жобаны қолға алды
  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы