Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?


17058677d387b92a66f4d18f64f89043_XL.jpg

Наурыз айында ел тұрғындарын ұзақ демалыстар күтіп тұр. Көктемнің алғашқы айында Қазақстан халқы 14 күн демалады деп хабарлайды.

Наурыз айында қазақстандықтарды екі мереке - халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы күтіп тұр.

Сегізінші наурыз жұма күнге түскендіктен, отандастарымыз үш күн, 8 мен 10 аралығында демалады.

22 наурызда қазақстандықтар Наурыз мейрамын тойлайды. "Мейрамдар" туралы Заңға сәйкес Ұлыстың ұлы күні ресми түрде 21, 22, 23 наурыз күндері тойланады.

Алайда 23 сенбі күнге сәйкес келгендіктен, бұл демалыс дүйсенбі, 25 наурыз күнге ауысады.

Осылайша, көктемгі күн мен түннің теңесуі еліміздің тұрғындарына 21 мен 25 аралығында бес демалыс күнін сыйлайды.

Бұл айда барлығы қазақстандықтар 17 күн жұмыс істейді. Ал 14 демалыс күнінің төртеуі мереке күн болса, 10 күн қарапайым апта соңындағы демалыстар.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Daryn Online платформасы жаңа жобаны қолға алды
  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы