Қазақстанда сәуірдің басында коронавирус өршіп, биік шыңына жетуі мүмкін екені болжанды

Біздің есебіміз бойынша қабылданған шаралар аурудың таралуын шамамен 50 процентке азайтты - Біртанов. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың өршуінің ең жоғары деңгейі сәуір айының бірінші онкүндігінде көрініс табады деп болжайды, деп хабарлайды  сайты zakon.kz.

2020032509381044682_2020032423343668977_9436479.jpg

Ол бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында берген сұқбатында айтты.

Сәуірдің алғашқы онкүндігінде індет өршіп, биік шыңына жетеді деп күтіледі. Өкінішке орай, әрқашан бұл бізге байланысты емес, - деді ол.

- Біздің есебіміз бойынша қабылданған шаралар аурудың таралуын шамамен 50 процентке азайтты. Сондықтан, карантиндік шараларды сақтау қажет, кеше Президент айтқандай, мүмкін бұл шараларды одан әрі де қатайтуы мүмкін, бұл инфекцияның таралу жылдамдығын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Біртанов өз кезегінде халықаралық ұйымдардағы әріптестеріне өз алғысын білдірді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды