Алматыда граната ұстаған ер адам ұсталды (фото)

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары өзімен бірге граната ұстап жүрген ер адамды ұстады. Оқиға Алматыда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Screenshot_1.jpg

РБӘИИ баспасөз қызметі Институттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрықтау оңтүстік астананың Төле би мен Саин көшелерінің қиылысында патрульдеу кезінде болған. 

Болат пен Смаил есімді курсанттардың сөзінше, көшеде жүргенде оларға бір жігіт жүгіріп келіп, бір топ ер адамдардың арасындағы бір адамнан граната байқап қалғанын айтқан. Әскери қызметшілер бұл адамдардың құжаттарын тексеруге шешім қабылдады. Патрульдеушілер ер адамдардың құжаттарын сұраға кезде олар басын ала қаша жүгірген, алайда тәртіп сақшылары оларды қуып жетті. 

4 курс студенті Ерсұлтан Болат құрықтау жайлы айтып берді. 

Оның айтуынша, ол қашып кеткен ер адамдардың бірінің қалтасы бір нәрсе толы екенін байқаған. Күдіктілер полицияға тапсырылды. Граната сараптамаға жіберілді. 

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың бірінің бұған дейін сотталғаны белгілі болды, ол ұрлық және қарақшылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары граната ұсталған адамның қайдан келгенін, оны қалай пайдалануды жоспарлағанын анықтауы керек.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды