Алматыда жаңадан салынған модульді аурухана науқастарды қабылдай бастады

Бұл аурухана 280 науқасқа арналған. Бір күн бұрын жаңадан ашылған модульдық аурухана кешенінде орналасқан И.С.Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы COVID-19 - жаңа вирусын жұқтырған науқастарды қабылдай бастады (бұдан әрі - жұқпалы аурулар ауруханасы), деп мәлімдеді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасындағылар, деп хабарлайды zakon.kz.

2020042710222428390_2020042709594716491_whatsapp-image-2020.jpg

Жұқпалы аурулар ауруханасы модульді кешенде орналасқан, оны құрылыс компаниясы рекордтық мерзімде тұрғызды (18 күн).

Қазір мұнда 43 науқас бар. Модульдік кешенде желдету жүйесі жұмыс істейді, ол бөлмелерде теріс қысым тудырады: осылайша вирусы бар ауа бөлменің сыртына шықпай арнайы дезинфекциялық жүйелерге түседі. Бөлмелерде герметикалық есіктер орнатылды, арнайы кәрізді тазарту жүйесі жұмыс істейді, деп хабарлады ведомстводағылар.

Естеріңізге сала кетейік, бұл аурухана 280 науқасқа арналған. Онда 9 клиникалық бөлім бар, оған 28 кереуеті бар жан сақтау бөлімі, көшеге жеке шығатын есігі бар бір орынды 10 бөлме, жапырлап келіп түскен науқастарды қабылдайтын бір орынды 5 қабылдау бөлмесі кіреді.

27 сәуірде Алматыда коронавирус инфекциясының 847 расталған жағдайы тіркелді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды