Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су деңгейі орташа 175 сантиметрге төмендеді. Бұл туралы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Мемлекеттік техникалық қызметі департаментінің бастығы Денис Коновалов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Д. Коноваловтың айтуынша, Өргебас ауылында үш тәулік ішінде су 167 см, Фирдоусиде 155 см төмендеген. Су сору үшін «Қазсушар» мекемесінің арнайы техникалары жұмылдырылған. Сондай-ақ, бұл жұмыстарға облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Қазақстанның өзге аймақтарынан келген мобильді топтар тартылды. Қазіргі таңда аталған ауылдарда қызу жұмыс жүріп, нәтижесінде су деңгейі орта есеппен 175 см азайған.