Мақтааралға Атыраудан 20 тонна балық жеткізілді

Мақтаарал ауданына Атырау облысынан 20 тонна балық пен гуманитарлық көмек келіп жетті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

200518201209143e.jpg

«Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалында балықшылар су тасқыны болған өңірге балық жіберу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бүгін құрылтайшысы Мұрат Әмірғалиев болып табылатын «Амангелді» өндірістік кооперативінің балықшылары жіберген қайырымдылық жүгі діттеген жерге жеткізілді. Балық тиелген жүк көліктері орталық қоймаға кіріп, атыраулықтардың аманатын тапсырды. 

Сонымен бірге, аталған қоймаға «Транссервис Ақжол» компаниясы атынан азық-түлік пен киім-кешек жеткізілді. Жүк керуенін бастап келген осы компанияның директоры Өтеген Айнабеков атыраулық азаматтар арасында көмектесуге ниеттілер өте көп болғанын айтты. 

«Атыраулықтар Мақтааралдағы апатты ауыр қабылдады. Көмектесемін дейтін азаматтар көп. Біз Мақтааралмен біргеміз! Ауылдар қалпына келіп, бұдан былай осы киелі Түркістан өңірінің қуаныштары мол болғай», – деді Өтеген Айнабеков.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды