Ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға барлық шектеулер алынып тасталады

Экспорттық шектеулерді алып тастау туралы жаңа бұйрық 2020 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді.

2020052912252868666_2020052912064433314_2020041514085520363_.png

Осы жылдың 1 маусымынан бастап ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға барлық шектеулер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ауыл шаруашылығы мнистрлігінде ведомства басшысы бұйрықтарының әрекетін тоқтататын 2020 жылдың 2 сәуіріндегі №111 "Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы" және 2020 жылдың 2 сәуіріндегі №123 "ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарына өзгертулер енгізу туралы", 2020 жылдың 14 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік құқықтық акт әзірленді.

Экспорттық шектеулерді алып тастау туралы жаңа бұйрық 2020 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді. Құжат ҚР АШМ ресми сайтында жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне және Мемлекет басшысының ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жетіспеушілігін болдырмау туралы бұйрығына байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік қауіпсіздігі себептері бойынша және егін жинау алдында жеткілікті қорды сақтау мақсатында ауылшаруашылық экспортын уақытша реттеуді енгізген болатын.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды