Ордабасы ауданында 85 канал арқылы 33 131 гектар суармалы жер игеріледі

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы ауыл округтерінде жаз айларында егістік жерлерге су жеткізу жылдар бойы өзекті мәселеге айналып келген-ді. Осы проблеманы түбегейлі шешу үшін Бадам өзеніне бөгет қойып, ұзындығы 4,2 шақырым жаңа канал қазып, "Қараспан магистралды" каналына су жіберу арқылы 2 664 гектар жерге су жеткізілмек.

Сөйтіп Бейсен, Жаңатұрмыс, Ақжол, Мақташы, Сарыарық, Жұлдыз Ынтымақ, Мәдениет, Семхоз елді мекендерінде егістік жерді сумен қамтамасыз ету жақсарып, ауыл шаруашылығы өнімі артатын болады.

"Жалпы аудан бюджетінен бөлінген 91 млн теңгеге Бөржар, Бадам, Қараспан, Шұбар ауыл округтерінде каналдарды, арық-атыздарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйекке дейін 4 ауыл округіндегі 5 канал толық тазартылатын болады", дейді аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

Бүгінгі таңда аудан көлемінде егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, шілде айында су жетпей қалу қаупін сейілту мақсатында бірқатар каналдарға демеушілер есебінен де механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Осындай жұмыстар жүргізіліп жатқан 380,9 шақырымды құрайтын 43 каналда бүгінде 7 дана техника жұмыс істеуде. Ал Қараспан ауыл округінде 905 агроқұрылым 4 731 гектар суармалы жер көлемін пайдалануда.

Оның ішінде "Қараспан магистралды" каналы арқылы жалпы ұзындығы 80 шақырым болатын 17 ішкі каналдармен ауыл шаруашылығындағы 4 258 гектар жер суарылады. Қалған 473 гектарға Қажымұқан ауыл округіне қарасты "Құртай" каналы арқылы және насостар арқылы су жеткізіледі. Жалпы аудан бойынша 871 шақырым болатын 85 канал арқылы 33 131 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жер игерілмек.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды