Жедел жәрдем көліктері толығымен жаңарады

Түркістан облысында медициналық жедел жәрдем көліктері толығымен жаңарады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов хабарлады.

image.png

– Жылжымалы медициналық кешеннің 12 жиынтығы сатып алынды, нәтижесінде өңірлерді жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрады. Жедел жәрдем қызметіне 77 көлік сатып алынды. Бұл көліктер жедел жәрдем паркін 96 пайыз жаңартады, – деді облыстың бас дәрігері Қоғамдық денсаулық басқармасының кеңейтілген алқа отырысында.

Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов өзі төрағалық еткен алқа отырысында Марат Орынбасарұлының жетекшілігімен басқарма тарапынан ұйымдастырылған, 2020 жылы атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Аталған жиында денсаулық сақтау саласының перспективалары да талқыланды.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды