Карантин кезінде Қазақстан шекарасынан өту тәртібі өзгерді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі карантиндік шектеулер уақытында мемлекет шекарасынан өтуге қатысты 2020 жылдың 11 мамырында енгізілген ережеге өзгеріс жасады.

image.png

ҚР Шекара қызметінің сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына ҚР Үкіметінің шешімімен тікелей әуе қатынасы (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) жанданған елдерге сапарлауға рұқсат етілді. Сондай-ақ ҚР Үкіметінің шешімімен тікелей әуе қатынасы (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) қайта жандандырылған елдердің азаматтарына Қазақстан Республикасының аумағына/ аумағы арқылы кіруге немесе транзитпен өтуге рұқсат берілген. Бұл ретте,Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерінде өзге жағдайлар қарастырылмаған болса, визалық талап сақталуы тиіс.

Сондай-ақ қазақстандық өткізу пунктерінде орналасқан көліктік-логистикалық орталықтарына баратын халықаралық жүк тасымалдаушы жүргізуші – Қытай Халық Республикасы азаматтарына 24 сағаттық визасыз кіріп-шығуға рұқсат берілген.

Бұдан бөлек, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша шектеулер енгізіледі, келесі адамдарды қоспағанда:

шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары);

Қазақстан Республикасының қолданыстағы «С10», «В8» санатындағы визасы және қазақ ұлтына тиесілігі туралы белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттары (паспорт, жеке куәлік, туу туралы куәлігі және т.б. нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге) бар этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, ата – аналары мен балалары);

қазақстандық әуекомпаниялардың қызметкерлері (мәртебесін растаған жағдайда) және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, ата-аналары мен балалары);

Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарда және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарда қызметтік міндеттерін атқаратын және куәландырылған атаулы тізімінде бар персоналдар;

Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда орналасқан әскери құралымдар, өнеркәсіп бөлімшелері мен кәсіпорындардың құрамына кіретін Ресей Федерациясының азаматтары және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары және балалары), сондай-ақ әскери құралымдарға (бөлімшеге, өнеркәсіп кәсіпорынға) тиесілігі мен туыстық байланыстары расталған және Ресей Федерациясының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдары берген жол жүру сертификаттары бар болған кезде, осы әскери бөлімдерге, бөлімшелер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарына жіберілген Ресей Федерациясының азаматтары;

бұрын шет мемлекетке шығып кеткен Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ адамның куәлігімен құжаттаған азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына қайтып оралған кезде;

жедел әдістермен емделуге ғана келетін (еріп келетіндер екі ересек адамнан аспайтын), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізім негізінде) жазбаша шақыруы барлар;

шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініші бойынша, сондай-ақ осы дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің келісілген көмегімен өз азаматтарын еліне одан әрі ұшып шығу немесе автомобиль өткізу пункттері арқылы кету үшін Қазақстан Республикасына әуе өткізу пункттері арқылы келетіндер;

туыстығын растайтын құжаттары болған кезде отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (жұбайы (зайыбы), ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) жерлеуге бара жатқандар, сондай-ақ қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін (мәйітін) жерлеу орнына бірге келетіндер;

емдеу орнынан ауыр науқастығын растайтын құжаттары болған кезде ауыр науқастанған отбасы мүшелерін және жақын туыстарын күтіп-бағу үшін келетіндер (жұбайы (зайыбы), ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) және олардың кәмелетке толмаған балалары;

Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты барлар және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары) – 30 тәулік ішінде 1 реттен артық емес;

Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатындар - туыстық байланыстар фактісі расталған жағдайда (жұбайы, зайыбы, ата – аналары мен балалары) және олардың кәмелетке толмаған балалары - 30 тәулік ішінде 1 реттен артық емес;

Қазақстан Республикасы аумағындағы оқу орындарында білім алып жүргендер (оқушылар, студенттер, тыңдаушылар, курсанттар), сондай-ақ олар оқу визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарды ресімдеу, қазақстандық оқу орындарының шақырулары болған кезде емтихандар (тестілер) тапсыру үшін Қазақстан Республикасына келген жағдайда. Осы тармақшада көрсетілген мақсаттар бойынша келетін шетелдік азамат кәмелетке толмаған болса, оны ата-аналарының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) алып келуге рұқсат етіледі;

осы тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат берілген, адамдарды тасымалдауды және эвакуациялық рейстерді жүзеге асыратын жүргізушілер;

әрбір жеке жағдай үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары төрағалығымен арнайы құрылған Ведомствоаралық комиссия бекітетін тізімге сәйкес әлеуметтік маңызы бар компаниялардың қызметкерлері (мамандары);

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының шақыруымен медициналық жәрдем көрсету мақсатында, сондай-ақ шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың гуманитарлық көмегі шеңберінде Қазақстанға келетін медициналық персонал.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының азаматтарына 30 тәулікте 1 реттен артық емес мерзімде мемлекеттік шекарадан өтуге рұқсат берілген. Аталған мерзім келесі Қазақстан Республикасы азаматтарына қолданылмайды:

еліміздің дипломатиялық қызметінің персоналы мен олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары);

Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісілген және шет мемлекеттердің шақыруымен баратын Қазақстан Республикасының ресми делегация мүшелері;

қызметкер ретінде және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары мен балалары) мәртебесі расталған кезде - шет мемлекеттердің аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың қызметкерлері;

Денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсете отырып, шетелге емделуге баратындар (еріп баратындар екі ересек адамнан аспайтын), келесі құжаттары болған кезде:

- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 026/у нысанына сәйкес диагнозды және емдеу жеделдігін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы»;

- нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік медициналық ұйымнан емделуге шақыру-хат;

туыстығын растайтын құжаттары болған кезде отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (жұбайы (зайыбы), ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) жерлеуге бара жатқандар, сондай-ақ қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін (мәйітін) жерлеу орнына бірге келетіндер;

емдеу орнынан ауыр науқастығын растайтын құжаттары болған кезде ауыр науқастанған отбасы мүшелерін және жақын туыстарын күтіп-бағу үшін келетіндер (жұбайы (зайыбы), ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) және олардың кәмелетке толмаған балалары;

шет мемлекеттердің аумағындағы оқу орындарында оқитындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан студенттік визаларын ұзарту, студенттік ID-карталарын ресімдеу, емтихандарды (тесттерді) тапсыру үшін шығатындар - шетелдік білім беру мекемесінің шақыруы болған жағдайда. Осы тармақшада көрсетілген мақсаттар бойынша келетін шетелдік азамат кәмелетке толмаған болса, оны ата-аналарының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) алып келуге рұқсат етіледі;

еңбек шарты, келісімшарт, еңбек ету рұқсаты немесе қабылдайтын мекемеден еңбек қызметін жүзеге асыруға өзге де растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелерін, сондай-ақ аталған мақсаттарда шет мемлекетке кіру құқығына рұқсаты бар еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында шетелге шығатындар;

Еске салайық, ҚР шекарасынан өту тәртібіне өзгерістер соңғы рет 2020 жылдың маусымында енгізілген болатын.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президенттің әскери қызметке байланысты жаңа Жарлығы шықты
  • Ресейлік «Спутник V» КСРО кезеңінен бергі ғылыми жетістік деп аталды
  • Карантин кезінде Қазақстан шекарасынан өту тәртібі өзгерді
  • «Вакцинаны қаражатты бөліп алу үшін ойлап тапқан» - белгілі дәрігер (видео)
  • Мәжіліс төрағасы Әсет Ерғалиевтің түсініксіз бағдарламасын сынға алды