«Беделі де, ары да таза жігіт» - Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты, экономист Омархан Өксікбаев қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов туралы баяндады. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Тасмағапбетов пен Өксікбаев.jpg

- Иманғали Нұрғалиұлын жақсы білемін. Қызмет бабында салиқалы, беделді саясаткер. Өз шаруасын терең білетін азамат. Сөзінде тұрады. Ісіне жауап беретін азамат. Ондай азаматтарға әр саладан көңіл бөлінді. Басқа органдарда, басқа қызметтерінде де. Ақпарат құралдарының да. Сондықтан, халыққа танымал адам болғаннан кейін, оған да көз қатты қадалады. Әртүрлі қилы мәселелерді басынан өткерді. Бірақ, ешқайсысынан мүдіріп, шалынған жоқ. Ол кісінің бірдеңеге ұрынатындай фактісі де болған жоқ. Әрине, сөз көп. Беделді адам болғаннан кейін оның беделіне нұқсан келтіретін де адамдар көп болады. Біздің қазақта кейде ондайлар бар ғой. Кейде қатты кетіп бара жатса аяғынан тартыңқырап отыратын. Сондықтан, сондай да болған шығар. Мен нақты тікелей фактілердің ортасында жүрмеген соң ештеңе айта алмаймын. Алдырған жоқ. Шалдырған жоқ. Беделі де, ары да таза жігіт шығар - дейді Омархан Өксікбаев. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды