Бір отбасында 4 адам қаза тапты

Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның, соның ішінде 1 баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаза.png

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 наурыз күні Махамбет ауданында болған.

«Кешкі сағат 18:33-те Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімшесіне полиция бөлімінен Ақтоғай елді мекенінде Салықов көшесіндегі үйлердің бірінен 4 адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 1974, 1991 жылы туған екі ер адам мен 1977 жылғы әйелдің, 2016 жылы өмірге келген қыздың қайтыс болғанын анықтады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Алдына ала болжам бойынша, қаза болғандар көмірқышқыл газына уланған. Оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетін болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды