Президенттің тазы иттері туралы ақпарат жарияланды

8 наурызда Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреті пайда болды. Ақорда баспасөз қызметі сирек тұқымды иттің шынымен президентке тиесілі екенін растады. Олар екі жаста екені анықталды.Тоқаев пен тазы.jpg

- Мемлекет басшысы осы үй жануарларын ерекше жақсы көреді. Ол мұны біздің ұлттық қазынамыз, ұлы дала мұрасының маңызды бөлігі деп есептейді. Сондықтан осы ерекше тұқымды сақтау үшін жан-жақты күш-жігер қажет. Президент мемлекет пен жеке тұлғалар тарапынан тазының гендік қорын қолдауға бағытталған барлық талпынысты қолдайды, - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі редакция тілшісіне.

Суреттер Халықаралық әйелдер күнінде жарияланған. Жазба сипаттамасында: "Керемет күн. Таңертеңгі серуен. Көктемнің осы тамаша күнінде Мемлекет басшысы әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады" - деп жазылған.

Тоқаев.jpg

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды