Қырғыздар қақтығыстан зардап шеккендерге көмектесу үшін қан тапсырды

Қырғызстанның Баткен қаласындағы республикалық қан орталығының жанында шекарадағы қақтығыстан зардап шеккен қырғыздарға қан тапсыру үшін еріктілер қатары сап түзеді.  Бұл туралы 24.kg ақпараттық агенттігі хабарлады.

қырғыздар.jpg

Бүгін таңертең қан тапсыруға 100-ден астам адам келді.  Еріктілер мен қамқор азаматтар өте көп.  Денсаулық сақтау министрлігі қанның мөлшері жеткілікті екендігін айтқанына қарамастан, қырғыз халқы бәрібір де қан тапсырып жүр,- делінген порталда.

Бұған дейін Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс аймағында зардап шеккендердің саны 178 адамға дейін артқаны хабарланған болатын. Шекаралық жанжал 28 сәуірде басталды.

29 сәуір күні кешке Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтатып, әскери күштерді бұрынғы орналастырылған жерлеріне шығаруға келісті.  Алайда кей жерлерде атыс қайта басталды. Кеше тараптар бейбіт келісімге келу үшін екінші рет әрекет жасап, атысты тоқтатуға уағдаласты.

178 жәбірленуші медициналық көмекке жүгінген, 34 адам қайтыс болды. Оның ішінде бір бала бар. Жанжал аймағынан 33 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Бүгін Қырғызстанда аза тұту күні жарияланды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды