Денсаулығыңызды нығайтқыңыз келсе

Screenshot_1.jpg

Бүгін Шымкент қаласында жоғарыда айтылған дерттерді емдейтін «GastroMed» гастроэнтереология және диетология орталығы ашылды. Айта кетерлігі, мұндай орталық Шымкент қаласында бұған дейін болған емес. Медициналық орталық соңғы үлгідегі құралдармен, түрлі аппараттармен жабдықталған. Асқазан-ішек жолдары және эндрокиндік жүйе ауруларынан зардап шегіп, артық салмақтан арыла алмай жүрген науқастар аталған орталыққа келіп жоғары білікті дәрігерлерден консультация ала алады. Мамандар науқасқа нақты диагноз қойып, тәнін азаптап, жанын жегідей жеген кеселден құлан-таза айығуына күш салады. Және де дәрігерлер орталықта ем қабылдаған науқасты тұрақты бақылауда ұстайды.

3 (2).jpg    

Screenshot_2.jpg

Статистикалық деректерге сүйенсек, әлемде артық салмақтан АҚШ халқы көп зардап шегеді екен. Олар көше бойындағы дүңгіршектерден күнделікті гамбургер жеп, газды сусындармен шөл басады. Дәрігерлер бұндай тамақтану жүйесі денсаулыққа өте зиян екенін әрқашан дабыл қағып ескертеді. Өкінішке қарай, Голливуд фильмдерін көріп өсіп келе жатқан қазақстандықтар да солай тамақтануды әдетке айналдырып алған. Салдарынан көпшілігінің ас қорыту жүйелері бұзылып, жүрек ауруларына шалдығуда. Денелерін артық май басып жүруден қалғандар да аз емес. Осы проблемадан қиналып жүрген азаматтарға аталған орталықта диетолог мамандар қызмет көрсетеді. Олар науқасқа артық салмақтан арылуға көмектеседі және кепілдік береді. Сонымен қатар, ауыр операциядан шыққан науқастың асқазан-ішек жолдарын қалыпқа келтіреді. Эндрокиндік жүйе ауруларымен ауыратындарға диеталық тамақтанудың соңғы түрлерін ұсынады.

6 (2).jpg

6.jpg

Тағы бір айта кетерлігі, қазіргі таңда түрлі спирттік, энергетикалық сусындарды тұтыну көбеймесе бәсеңсімей тұр. Шектен тыс көп ішілген мұндай сусындар – асқазанды ойып, бауырды жарақаттайды. Дер кезінде ем алмаған адам гастрит, бауыр циррозы секілді қатерлік дертке шалдығады. Ал бұл адамды өлімге алып келеді. Сондықтан да әрбір азамат тұрақты түрде медициналық тексеруден өтіп тұрған абзал. «GastroMed»-те қала тұрғындарына асқазанды эндоскопиялық зерттеу, бауыр эластометриясы (фиброскан) секілді қызметтер көрсетеді. Арнайы мамандар науқасты заманауи экспертті деңгейдегі аппаратта жан-жақты зерттеп, кешенді тексеру жұмыстарын жүргізеді. Ішкі дене мүшелерін бейне колоноскопиясы арқылы тексеріп, барлық органды ультрадыбысты арқылы зерттейді (УЗИ). 

Сонымен қатар, мұнда гастроэнтерелог, проктолог дәрігерлер де емдеу шараларын жүргізеді. Әрине, әрбір қала тұрғыны ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген абзал. Ал ауыра қалған жағдайда «GastroMed» өзіне жүгінген әрбір азаматты жоғары деңгейде емдеуге дайын.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/5R7RHI24eUQ" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen=""></iframe>

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды