«Мүлдем жаңа, бірегей қала» - Елбасы (видео)

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға сапары кезінде түркі әлемінің астанасында көргендерін бағалады.

Түркістан Елбасы.jpg

- Тәуелсіздік жылдары біз тағы бір маңызды нысанды салдық. Бұл Түркістан қаласы. Түркістанның ұзақ тарихында ол бұрын-соңды мұндай жаңғыру көрген емес. Мүлдем жаңа, бірегей қала. Бүкіл архитектурасы түркі және қазіргі заманға негізделген. Бұл тек Қазақстан үшін емес, бүкіл адам үшін ерекше орын болады. "Керуен-сарайдың" өзі, қалған парктер, нысандар неге тұрады. Мен барша түркістандықты, оңтүстікқазақстандықтарды мемлекеттің осы керемет сыйлығымен құттықтаймын. Сіздердің мемлекетке сыйлықтарыңыз - бірлік, ынтымақтастық және отанымыз үшін еңбек ету. Бар жақсылықты тілеймін, - деді Елбасы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.

Elbasy.kz баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Түркістанда Назарбаев "Алтын Самұрық" театрында болып, "Қыз қуу" атты театрландырылған қойылымды тамашалады. Сонымен қатар, Елбасыға театрландырылған су шоуы көрсетілген.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/PBSgPWKkYBY" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen=""></iframe>

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды