Түлкібас: Аудандық аурухананың неврология және гинекология бөлімдері күрделі жөндеуден өтті

Аудандық аурухананың неврология және гинекология бөлімдері толығымен күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді. 

image.png

Бүгін аудандық ауруханаға аудан әкімі Н.Байғұт, аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев және «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы басшысының орынбасары Қ.Еркебаев арнайы барып, құрылысы аяқталған және құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ғимараттарды аралады. Аралау барысында аудан басшысы бас дәрігер мен құрылысқа жауапты мердегерге құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қатаң бақылауда екендігін айтып, Қ.Еркебаевқа партия тарапынан да бақылауды күшейтуді тапсырды.   

image.png

Құрылысы аяқталған ғимараттың есік терезелері мен едені толығымен ауысып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары мен электр, су жүйелері толығымен жаңартылды. Ғимараттың сыртқы бөлігі жел мен жаңбырға төзімді арнайы жабындымен қапталып, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп тұруына барлық жағдай жасалынған.

image.png

Сонымен қатар, аурухананың қалған ғимараттары да биыл толығымен күрделі жөндеуден өтпек. Бүгінгі таңда перзентхана мен орталықтандырылған асханасының жөндеу жұмыстары 85 пайызға аяқталған. Қос нысан 2021 жылдың маусымында пайдалануға берілмек. Ал, бас ғимаратының жөндеу жұмыстары жыл аяғына дейін ақталуы жоспарлануда. 

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды