Түлкібас: Балық шаруашылығын дамытуға бел буған кәсіпкер алғашқы жемісін көруде

Табиғаты шырайлы, өзендер бастау алатын Түлкібас ауданында соңғы уақытта бақша шаруашылығымен қатар балық шаруашылығы да қарқынды дамуда.

image.png

Бүгінгі әңгімеміз Жаскешу ауылдық окуругіне қарасты «Юлдуз-2» шаруа қожалығы жайында өрбімек.

Осыдан 2 жыл бұрын жұмысын бастаған қожалық 6 га аумақта орналасқан жасанды су тоғанына 14 мың 5 жүз сазан, карп және дөнмандай(толстолоб) балықтарының шабақтарын жіберген-ді. Қазіргі таңда кәсібінің алғашқы жемісін көре бастады. Атап айтқанда, айына орта есеппен 300 келіге жуық балықты аудан аумағындағы және Шымкент қаласының сауда қатарларына өткізуде.

image.png

Бүгінде аудан көлемінде 7 шаруашылық балық өсірумен айналысуда. Жіліктеп айтатын болсақ; 

1.  Арыс ауылдық округіне қарасты «First Fish Companу» ЖШС-гі балық зауыты, мұнда балықтың осетра, форель, сазан түрлерін өсірілуде.

2. Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Нұран құрылыс» ЖШС-гі балықтың карп, сазан түрлерін;

3. Балықты ауылдық округіне қарасты «Сансызбай» ШҚ балықтың сазан;

4. Келтемашат ауылдық округіне қарасты «Болат» ШҚ балықтың сазан;

5. Жаскешу ауылдық округіне қарасты ЖК «Кадыркулов Н» балықтың сазан; 

6. Жабағылы ауылындағы «Талдыбұлақ» ӨК, балықтың сазан түрін өсіріп, жемісін көруде.

image.png

Бұл бағыттағы жұмыстарға алдағы уақытта да аудан әкімдігінің тікелей бастамасымен басымдық беріліп, дамыту жоспарлануда.

Бүгінде шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан жеңілдіктерде қарастырылуда. Балық жемінің 30 пайыз шығындары субсидияланып, заң аясында аудан әкімдігі тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды