«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді» - Алексей Цой

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Алексей Цой.jpg

- Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың төмендеуіне қатысты оң динамика байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Мәселен, соңғы 2 аптада оған дейінгі екі аптамен салыстырғанда науқастану көрсеткіші 20 пайызға азайды, - деді министр. 

Оның дерегінше, өңірлер шегінде 18 мамырдағы жағдайға сәйкес, инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы 36, ал реанимациялық төсек-орындардың толымдылығы 28 пайызды құрап отыр. 

- Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында - 49, Алматы облысында - 45 пайыз, реанимациялық төсек-орындар толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында - 52, Алматы қаласында 47 пайызды құрайды, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды