Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға әкімдерді сайлауды енгізу мен барлық үміткерге қарсы дауыс беруді қарастыратын түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Тоқаев.jpg

- Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Заң бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімін тікелей сайлау енгізіледі. Мәжіліс сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегі де төмендетілді.

Енгізілген өзгерістер:

- аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне үмткерлік ұсыну: өзін-өзі ұсыну тәртібі (тиісті қалада немесе ауылдық округте тұратын сайлаушылардың кемінде бір пайызының қолдау үшін қол жинау арқылы); саяси партияларда өз мүшелері арасынан; егер ұсыну мерзімінің соңында екіден кем үміткер ұсынылған жағдайда, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі үміткер ұсынады.

- үміткерлерге қойылатын талаптар: Қазақстан азаматы; жасы - 25 жастан кіші емес; осы лауазымға қойылатын білік талаптары; барлық мемлекеттік қызметкер үшін жалпы шектеулер, мысалы, соттылық, жұмысқа қабілетсіздік;

- үміткердің заңнамада белгіленген ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі;

- сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Сайлау науқанының мерзімі 30 күн;

- ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады;

- Мәжіліс сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7-ден 5 пайызына дейін төмендету жөнінде нормалар енгізу.

- барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне "бәріне қарсы" бағанын енгізу.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды