Елордада коронавирустың Үнді штаммы анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың Үнді штаммы анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Цой.jpg

- Нұр-Сұлтан қаласында КВИ-мен ауырған науқастан алынған оң зертханалалық үлгіге ПТР скрининг жүргізу нәтижесінде «дельта» штаммына немесе Үнді штаммына тән ықтимал мутация анықталды. Коронавирустың «дельта» штаммы жоғары жұқтырғышқа ие және штамм анықталған науқастардың 60 пайызында ол 7 күнге дейінгі барынша қысқа инкубациялық кезеңімен ерекшеленеді. Таяуда жүргізілген зерттеулер коронавирустың Үнді штаммы емханаға түсу және өлім-жітімнің жоғары болуымен байланысты екендігін көрсетті, - деді министр. 

Сонымен қатар оның айтуынша, бұл мутацияны жұқтырғандарда буындар мен іштің қатты ауруы, есту қабілетін жоғалту сынды қосымша симптомдар тән болып отыр. 

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, SARS-CoV-2 «дельта» штаммы әлемнің 74 елінде анықталып отыр. Үнді штаммына тән жұқтырғыштық, аурудың ауыр өтуі сынды мәліметтерді ескере отырып, өңірлер дәрілік заттардың жеткілікті қорын, өкпені жасанды желдету аппаратына арналған шығыс материалдарын, жеке қорғаныш заттарын, резервтік төсек-орын қорын қамтамасыз етіп, КВИ жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметі мен ұтқыр бригадаларды дайындыққа келтіруі қажет, - деді Алексей Цой.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды