Тоқаев Токио Олимпиадасының жүлдергерлерін марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токио-2020 ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. 

Тоқаев.jpg

Сонымен президент жарлығымен дзюдодан қола медаль иеленген Елдос Сметов ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен; Ауыр атлет Зульфия Чиншанло ІІ дәрежелі "Достық" орденімен; Каратеші Дархан Асәділов, Софья Берульцева, боксшы Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, балуан Нұрислам Санаев және ауыр атлет Игорь Сон "Құрмет" орденімен марапатталды. Айта кетейік, Қазақстан Токиода өткен ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарында 8 қола медаль еншілеп, 83-орынға тұрақтады. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды