Шымкентте спорттық ойын алаңшаларын салуда отандық өнімдер қолданылады

Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортын дамыту бойынша берген тапсырмасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шымкентте спортты қолжетімді ету мақсатында көптеп ашық спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңдары салынып жатыр.

image.png

Еліміздің үшінші мегаполисінде қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасына сәйкес биыл Еңбекші ауданына қарасты 18 шағынаудандағы №6,7 үйлердің аулаларына бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған жаттығу алаңшасы мен балалар ойын алаңы орнатылатын болды. «Нурстройтранссервис» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан эскиздік жоба дайындалып, мақұлданды. 

«Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысып, жаңаланып жатқан аулалар соңғы рет 2013 жылы абаттандырылған. Аулалардағы элементтердің басым бөлігінің тозығы жеткен, темірден жасалынған бұйымдар. 

Қазіргі таңда аулаларды қайта жаңарту барысында заманауи ойын элементтері орнатылып, балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабын төселеді. 3 D ойын кешені, әткеншектер, тербелмелі теңгергіш, құмсалғыш, тербелмелі мотоцикл, тербелмелі жылқы ойын элементтері орнатылады. Одан бөлек жеңіл атлетикамен айналысатын «Street workout», тренажер алаңшасы орнатылады. 

Құрылысқа қолданатын заттардың барлығы тек отандық өнім болады дейді мердігерлер. Тіпті ойын алаңшасына төселетін резеңке төсеніштің өзі Шымкентте жасалады екен. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды