​Түлкібас: Алғашқы қоңырау соғылды

Түлкібас ауданына қарасты барлық орта білім беру ошақтарында «Білім күні» мерекесіне орай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтті. Шараға коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында ғылым және білім министрінің бекіткен тәртібіне сай 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер ғана қатысты.

image.png

- Мерекеге орай аудан әкімі Н.Байғұт пен аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев Шұқырбұлақ елдімекеніндегі Ғ.Мұратбаев атындағы мектепке табан тіреп, оқушылар мен ата-аналарды және ұстаздар қауымын атаулы мерекесімен құттықтады.

- Аталған білім ошағында 238 оқушы білім алса, биылғы жылы 19 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғашқы рет аттап отыр. 

- Салтанатты шараның ашылу салтанатына сөз алған аудан әкімі мен мәслихат хатшысы мектеп есігін жаңадан ашқан бүлдіршіндерімізді алғашқы білім күнімен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына жаңа оқу жылында сәттілік, әр бір шығармашылық бастамаларына табыс тіледі.

- Биылғы оқу жылының ерекшелігі бірінші сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында «Әліппе» бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды. Сәйкесінше, орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда «Букварь» мен «Обучение грамоте» пәндері жүргізіледі. 

- Мерекелік шара барысында аудан әкімі мен мәслихат хатшысы мектеп табалдырығын аттаған әр бүлдіршінге жеке-жеке «Әліппе» оқулығын табыстады.

- Шара жалғасы ән-шашуға ұласты. 1 - сынып оқушысы, «Айгөлек» Республикалық телевизиялық ән байқауының дипломанты Еркеназ Ерғазықызы «Жаным қазақ» әнін орындап, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Сонымен қатар, мектептің басқа да жас өнерпаздары өз өнерлерін көпшілікке паш етіп, 1 - сынып оқушылары мерекеге орай өлен шумақтарын жиналған қауымға ұсынды. 

- Айта кетерлік, бүгінгі таңда аудан аумағындағы 60 жалпы орта білім беру мекемелерінде 23701 бала білім алуда. Үш ауысымдағы мектеп жоқ. Соның ішінде, биылғы жаңа оқу жылында 2275 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр.

image.png

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды