Биыл Түлкібас ауданында ішкі көшелердің қанағатты жағдайы 84 пайызға жақсарады

Өткен жылы аудан аумағындағы елді мекендерде атқарылған жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде ішкі көшелердің қанағатты жағдайы 68 пайызға жеткен болатын. Биыл аудан аумағында тұрғындар өтініштеріне сәйкес бірінші кезекте халық көп шоғырланған 34,6 шақырымды құрайтын 22-і көше мен Жанкент және Жайлау(Телевышка) мөлтек ауданының асфальт жабындысы түспеген көшелер толығымен ағымдағы жөндеуден өтуде. 

image.png

Аталған көшелердің бүгінгі таңға 17-і жөндеуден өтіп халық игілігіне пайдалануға берілді. Ал, қалған көшелер ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл жымыстар толық аяқталғанан соң елді мекендердің ішкі көшелерінің қанағатты жағдайы 84 пайызға жетпек.

Көп жылдан бері шешімін таппай келген аудан орталығындағы 6,1 шақырымды құрайтын Алатау көшесі де биыл толық жөндеуден өтпек. Қазіргі таңда конкурс нәтижесімен анықталған мердігер аталған көшені жөндеу жұмыстарын 6-шы қыркүйектен бастамақ. 

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызмет

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды