Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 1000-ға жуық адам жұмысқа жолдама алды

Screenshot_7.jpg

Шымкент қаласы «Арбат» алаңында жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеде 50-ден аса жұмыс беруші кәсіпорындары мен мекемелер қатысып, 9000 мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесін көрсеткен жәрмеңкеде тұрақты  жұмысқа 790 азамат, ал «Жастар практикасы» бағдарламасымен 121 жас жолдама алды. 

Тұрақты жұмысқа жолдама алған қала жастарының бірі - Айсұлу Қорабаева. Ол биылғы жылы  Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған. Жұмыс іздеп жүрген қала тұрғыны дәл осы жәрмеңкеде мамандығы бойынша жұмыс тапты.

- Бүгінгі жәрмеңке жайында ақпаратты әлеуметтік желі парақшасында көріп, қуана келдім. Жәрмеңкеге келген соң бос жұмыс орындары тізімін толық қарап, өз мамандығым бойынша лайық келетіндеріне жекелей бардым.  Осылайша,  бастауыш пәні мұғалімі болып қаладағы №120 мектепке жолдама алдым. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығының мамандары түйіндемені дұрыс жазу жолдарын түсіндірді-дейді 26 жастағы жас маман.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде Солтүстік өңіріне қоныс аудару бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде еліміздің Солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға 100-ден аса шымкенттіктер қызығушылық танытып, ниет білдірді. 

Айта кетсек, жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 18 мыңнан астам шымкенттіктер жұмыспен қамту шараларына қатысты. Оның ішінде жұмыспен қамтылған жастардың қатарында 2384-і жастар практикасымен, ал 102-і алғашқы жұмыс орны жобасымен жұмысқа жолданды. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды