Шымкентте «Тәуелсіздік құрдастары» атты жас суретшілердің көрмесі өтуде

Screenshot_3.jpg

Шымкентте қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік құрдастары»  атты жас суретшілер көрмесі ашылды. Кескіндеме өнеріндегі келісті туындылар топтастырылған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдық 

мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Көрмеге С. Абдураимова, А. Бұхарбаева, А. Тасболатова, Ж. Абдалимова сынды жас қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған. Жалпы, 30-ға жуық картина ұсынылған.

Кештің ашылуында сөз алған кітапхана директоры Нұрила Жұманова аталған көрме жас суретшілердің туындыралын танытуға септігін тигізетінін жеткізді. Сондай-ақ, жас қылқалам шеберлерінің жаңа шығармаларды дүниеге әкелуге ынталандыратынын тілге тиек етті. 

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары жас суретшілердің туындыларын 31 қазанға дейін «Абай » атындағы орталық кітапханадан тамашалай алады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Тәуелсіздік құрдастары» атты жас суретшілердің көрмесі өтуде
  • Рухани нәр беретін кездесу кеші өтті
  • Ақтас-2 сапалы ауыз сумен қамтылады
  • №61 және №72 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгерді
  • Шымкентте саябақтар мен гүлзарлар қайта жаңғыртылады