Алғыс арқалайтын мамандық

Шымкентте әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде. Әлеуметтік сала қызметкерлері қайғы-мұң арқалаған азаматтардың қиындықтарын жат санамай, оларды бірге жеңуге бар күш-жігерлерін  салатын мамандық иелері. Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда аянбай еңбек етіп, мұқтаж жандардың игілігі үшін тер төккен сала мамандары қашанда құрметке лайық.

image.png

Көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және өзге де өмірдің қиыншылықтарына тап болған адамдар сала қызметкерлерінің  мейірімділік пен қайырымдылық, төзімділік және әрдайым қол ұшын беруге дайын елгезектік сияқты адами қасиеттерінің арқасында өз мүмкіндіктеріне сеніп, қиындықтарды жеңіп келеді.

Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 10 мекемедегі 1200-ге жуық әлеуметтік қызметкерлер күнделікті 2176 мүгедектігі бар азаматтарға, мұқтаж адамдарға, әлеуметтік осал топтарға, оның ішінде 438 мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алғыс арқалайтын мамандық
  • Шымкентте «Қыз жібек» операсы жаңаша сахналанады
  • «Елбасы жолы» экспедициясы Шымкентте
  • Шымкентте оқ және стенд атудан халықаралық турнир басталды
  • «Шаңырақ 5-10-20»: Шымкентте жыл соңына дейін 1728 азамат баспаналы болады