Шымкентте «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы бастау алды

Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі  өнер мектебінде  Тәуелсіздіктің  30 жылдығы орай ұйымдастырылған «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы бастау алды. 

image.png

Байқау Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің 6-10 сынып оқушыларының арасында өткізілуде.

Байқауды жариялаудағы мақсат- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында және    Президент    Қ. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру.

Жалпы республикалық байқау балалар арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттауға, шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға,   көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталған.

Байқаудың ережесіне сәйкес «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына  қатысушылар «Едіге батыр» жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, 6-10 сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.

Жеңімпаз атанған  оқушы  республикалық байқауға жолдама алады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммникациялық орталығы

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы бастау алды
  • «Visit Shymkent» орталығы әлеуметтік туризм бағыты бойынша экскурсия өткізді
  • Шымкентте көз аурулары клиникасы ашылды
  • Рысқұлов көшесінің жолайрықтағы бөлігі ашылады
  • Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады