Шымкент: Мамандық таңдаудың бір жолы - кәсіби бағдар беру

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларына, кәсіби бағыт-бағдар беру  бойынша кездесу өтті. Кездесуге Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі «NARXOZ» университетінің маманы Токтыбаева Гулия Койшыбаевна мен 2 курс студенті Коныртаева Жулдыз Багдаткызы қатысты.

image.png

Кездесуде спикерлер мектеп бітіруші түлектерге университеттегі мүмкіндіктер жайлы, мемлекеттік грантта білім алу мүмкіндігі және де университеттің ішкі гранттарын (25,50,100 %) ұтып алу туралы тың ақпараттырымен бөлісе отыра, болашақ түлектерге өз қалаулары бойынша мамандық таңдау қажет екендігін жеткізді.  

Атап айтқанда, кәсіптік бағдар беру - қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

Көптеген оқушылар болашақ мамандығын таңдауда өзінің білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей мамандық таңдап жатады. Сондықтан да мектеп бітіруші түлектермен жоспарлы түрде кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша, әр түрлі ағартушылық шаралар өткізілуде. Осындай жоғарғы оқу орындарының мамандарымен кездесулер мен дәрістер ұйымдастыру арқылы оқушыларға кәсіби бағыт беріп, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға жол көрсетуге болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбекші ауданы аумағында күзгі көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде
  • Шымкент: Мамандық таңдаудың бір жолы - кәсіби бағдар беру
  • «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының бағыттарын түсіндіру бойынша онлайн вебинар өтті
  • Балаларға көрсетілетін алғашқы медициналық-санитарлық көмек
  • 58 көпқабатты үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылды