Бәйдібек би - Арғынбеков жолайырығы – мегаполис үшін маңызды жоба

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Байдібек би - Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайырығын салу жұмыстары жоспарлануда. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, маңызды жобаның құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі 2023 жылдың соңына жоспарланған. 

image.png

Нысан құрылысына жауапты мердігер -  «КазахДорСтрой» ЖШС. Ал техникалық қадағалаушы - «ЮжКазЭксперт» ЖШС.

Құрылыстың техникалық көрсеткіштеріне сәйкес, Байдібек би даңғылында 700 м, Арғынбеков көшесінде 921 м аралықта жол жұмыстары жүргізілетін болады. 

Жоспарға сәйкес жолайрықта ені 80 метрлі 4-6 жолақты жол қаралған және 61 учаскені мемлекет мұқтаждығына алу көзделген. Сонымен қоса жол жиегінде 1,5 метр жаяу жүргінші жолы және 1 метрлі веложол салынатын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бәйдібек би - Арғынбеков жолайырығы – мегаполис үшін маңызды жоба
  • ҚР Тәуелсіздігіне - 30 жыл
  • Қолжетімді спорт ауладан басталады
  • «Тағдырыма тәнтімін» кеші өтті
  • Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік эссе, әңгіме байқауының жеңімпаздары анықталды