Шымкент еліміздің креативті хабына айналады

Үшінші мегаполисте еліміздегі мобилографтар бас қосты. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан сарайында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен «Креативті индустрия» бағыты аясында республикалық «Shymkent Mobilography Fest» фестивалі өтті.

image.png

Іс-шара аясында өткен пленарлық кездесуге қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов және Қыран Талапбек, Өркен Кенжебек, Сырымбек Тау, Ақбота Ануарбек, Әділет Рахметолла сынды медиа саласы мен түрлі бағытта өз бастамаларын дамытып жүрген әлеуметтік желі белсенділері қатысып, креативті индустрия мен мобилографияның туризм саласындағы рөліне ерекше тоқталып өтті.

– Ұлттық креативті дамыту заман талабына сай тенденция екенін ескере келе, біз Шымкент қаласын еліміздегі ірі креативті хабтардың біріне айналдыруды қолға алып отырмыз. Осы бағыттағы жұмыстың бастамасы ретінде бүгін, міне, Қазақстанда алғаш рет республикамыздың әр өңірінен талантты мобилографтардың басын қосып, мобилография фестивалін ұйымдастырдық. Бұл сала креативті индустрияның ажырамас бөлігі бола отырып, туризмнің мүмкіндіктерін жарнамалауға таптырмас құрал болып табылады. Біз бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып, ауқымын кеңейтіп, Шымкент қаласында мобилографтарды біріктіретін жыл сайынғы үрдіске айналдыратын боламыз, - деген Мақсұт Пернебайұлы. 

Қатысушылардың басым бөлігі Шымкент және Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан т.б қалалардан келген. Екі күнге созылатын іс-шараға жалпы саны 900-ге жуық адам өтінім білдірген. Олар сайыстың алғашқы күнінде алдын-ала берілген «Welcome to Shymkent» тақырыбы аясында қала туралы имидждік және креативті жарнамалық бейнероликтер түсірді. Дайын бейнероликтерді «мобилография» саласын Қазақстанда дамытқан Қыран Талапбек бастаған комиссия мүшелері қарап, бағалап, жеңімпаздар тізімін жариялайды.

Айта кетейік, екі күндік фестивальде Шымшаһар туралы 500 ден астам бейнеролик әзірленіп, ол бейнематериалдар алдағы уақытта Шымкент қаласы туралы жарнаманы жандандыру арқылы туристерді тарту мақсатында жарияланып отырмақ.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тәуелсіздік мерекесіне орай колледж студенттері бас қосты
  • «Shymkent Jastar ligasy» жеңімпаздары анықталды
  • Шымкент еліміздің креативті хабына айналады
  • Шымкент: «Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесері өтті
  • YPO Forum Shymkent: Шымкентте ірі инвесторлар бас қосты