ЖИТС-ке қарсы «Ашық есік» күні өтті

Screenshot_3.jpg

Биыл 15-25 қараша аралығында "Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні" қарсаңында елімізде "АИТВ. Әрбірін түсіну ұранымен" ерекше науқан өткізілмек. Науқан барысында облыс аумағында адамның иммун тапшылығының алдын-алу және одан сақтану шараларына бағытталған акция, семинар, дөңгелек үстел, түрлі спорттық іс-шаралар мен ашық есік күндері өткізіліп жатыр. Осындай іс-шаралардың бірі Түркістан облыстық "ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес" орталығында да өтті. 

- Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырып теңсіздікті жою, ЖИТС-ті тоқтату, пандемияны аяқтау бойынша он күндік науқан жүріп жатыр. Негізгі мақсатымыз - АИТВ инфекциясының алдын -алу және онымен күресу болып табылады. Осы орайда мен облыс халқын АИТВ инфекциясына тексерілуге және өз мәртебесін тегін анықтауға шақырамын, - дейді ЖИТС орталығының мамандары.

ЖИТС-тің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері 40 жыл өтті. Бірақ АИТВ инфекциясы әлі де жаһандық қауіп төндіріп тұр. ЖИТС-ті жою үшін экономикалық, әлеуметтік, мәдени және құқықтық теңсіздікті мүмкіндігінше тез жою қажет. 2021-2026 жылдарға арналған ЖИТС жөніндегі жаһандық стратегия теңсіздікті жою, ЖИТС-ті жою және биыл БҰҰ-ның Жоғары кеңесінде қабылданған ЖИТС және АИТВ жөніндегі саяси декларация теңсіздік мәселесіне ерекше назар аударады. Теңсіздікті жою - ЖИТС індетін жоюға ғана емес, сонысен бірге халықтың негізгі топтарының АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын қорғауға, КОВИД-19-пен күресудің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Экономиканы қалпына келтіруге және оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 

Теңсіздікті жою - ұзақ мерзімде өзектілігі артып келе жатқан жаһандық міндеттеме. Бұл бізден денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық, оның ішінде АИТВ-ға жауап беру шараларына жаңа көзқарасты талап етеді. АИТВ инфекциясының таратылуын тоқтату үшін кемсітушілікті жою қажет. Қоғамдық белсенділік пен ынтымақтастық АИТВ-мен өмір сүретін адамды ақпаратпен, көрсетілетін қызметпен, әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. 

Науқан аясында елімізді түрлі іс-шараларды өткізу жоспарланған. Олардың көпшілігі онлайн форматта ұйымдастырылған. Әлеуметтік жерлерде АИТВ тақырыбына бей-жай қарай алмайтын әрбір адам #әрбірінтүсіну хэштегімен челлендж өтеді. Аталған іс-шаралардың нәтижесінде халық арасында АИТВ-дан сақтау, оның алдын-алу туралы түсінік қалыптасады. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Технический надзор перепутали с авторским
  • Выявлено неправомерное применение норм интеллектуальной собственности
  • Жұмабек Кенжалиннің елжандылық мұраты ұлықталған шара
  • ҚaзҰУ әлeмдiк cтaндapттap дeңгeйiндe бiлiм бepетін оқу ордасы
  • ЖИТС-тің алдын-алу - басты мақсат