Жаппай тәртіпсіздік кезінде Атырауда 50-ге жуық адам жарақат алған

Screenshot_27.jpg

Оның 36-сы құқық қорғау саласының қызметкерлері. 1 адам көз жұмды. Облыс және Мақат ауданының әкімдігіне шабуыл жасалған, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.

Ал Құрманғазы, Индер, Жылыой аудандарында халықаралық, республикалық маңызы бар жолдар жабылған еді. Бірнеше күн көлік қатынасы тоқтады. Бірақ дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде жағдайды уақытында қалыпқа келтіруге мүмкіндік туды. Қазір қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда. 

Облысымызда бейберекетсіздік іс-әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Дегенмен қауіп толық сейілген жоқ. Өңірдің күштік құрылымдары да күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Бұл азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау, сондай-ақ қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалған қадам. Президенттің тапсырмасына сай өңірдің экономикалық әрі стратегиялық маңызы бар ірі өнеркәсіп орындарына әскери күзет қойылуда - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаппай тәртіпсіздік кезінде Атырауда 50-ге жуық адам жарақат алған
  • Әшімбаев: Мемлекеттілікті сақтау жолында жұдырықтай жұмылуымыз керек
  • Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұраймын – Аймағамбетов
  • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып тағайындалды
  • Мемлекет басшысы ертең әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді