Экс-полицей мас күйінде жол апатын жасаған

Экс-полицей мас күйінде жол апатын жасаған


Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
                   
               

Онда жас әнші Айбек Серікхановпен қарындасы отырған екен. Оқиға кесірінен екі машинадағылар да жарақат алып, ауруханаға түсті. Үсті-басының сау тамтығы қалмаған әнші енді апатқа себепкер тәртіп сақшысы жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Айбек Серікханов, зардап шегуші:
"Екі секундтан удардан кейін есімді жинап, тұншығып ояндым. Ойладым өліп бара жатқан шығармын деп. Аузымның бәрі қан. Ояна салып, Алуа, Алуа деп, қарындасымды басы екі орындықтың ортасында. Қолы вообще рульда қайырылып жатыр екен. Ойладым Алуа да бір нәрсе болып жатқан шығар деп. Алуа көзіңді ашшы деп айтып жатыр едім. Ол да жылап оянды. Оның да аузы, беті қан. Айбек біз өліп бара жатырмыз ба?, - дейді. Жоқ Алуа біз өлмейміз, - дедім".

Айбек сұмдық жол апатынан өзіне енді ғана келе бастады. Сол күнлі есіне түсіргісі келмейді. Миы шайқалып, мұрны сынған, кеуде тұсында да ауыр жарақаты бар. Соққыдан бір көзі әрең көріп тұр. Ал, көлікте бірге болған қарындасының қолы сынған.

Нұржан Әжібеков,№4 қалалық аурухананың жауапты нейрохирургі:
"Қазіргі таңда жағдайы орташа ауырлықта. Стационарлық ем алып жатыр. Қазіргі уақытта емі консервативный. Дәрі-дәрмекпен емеделеді. Әлі сынған сүйектеріне ота жасау, жасамау алдағы уақытта шешілетін болады".

Әнші ауруханада әлі он күндей ем қабылдайды. Жол апатына себепкер болған адам да Айбек жатқан ауруханада. Оның жағдайы қазір бірқалыпты, бас ми жарақаты бар. Сұмдық оқиға осы айдың 14-нен 15-не қараған түні болған. Мұхтар Шондыбаев қарсы бағытқа шығып кетіп, Айбек тізгіндеген машинаны соққан. Қос көліктің де сау тамтығы қалмапты. Ал Айбек сол түні тойдан келе жатыпты. Ата-анасы мен әпкесі басқа көлікте болған.

Бота Серікханова, зардап шегушінің әпкесі:
"Көлікті көрсе сала анамыз есінен танып қалды. Өйткені көліктің тең жартысы алдыңғы бөлігі жоқ. Екінші машинада сол ДТП-ның кінәлі адам жүргізушісі отырды. Ол кісінің мастығы соншама, көліктен шыға алмады. Көп адам көмектесіп, әрең шығарып алды. Жан-жағындағылардың барлығын, боқтап, сілеп, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып отырды.

Ал айыпты жүргізуші кешірім де сұрамапты. Тілдесуге барып едік, бізге де тіл қатпады.

Айбек Серікханов, зардап шегуші: "Басында екеуімізді бір палатаға жатқызып қойған. Сөйлеген де жоқ. Бір ауыз сөз де айтқан жоқ. Өзі бұрынғы ГАИ қызметкері екен еще. Ондай адамдар наоборот қоғамды тәртіпке келтірудің орнына өзі араққа тойып алыпты еще. Осында келіп алып бәрін басына көтеріп, отходняк болды ол кісіде".

Қазіргі уақытта екі жүргізушіден де анализдер алынған. Сотқа дейінгі тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалады дейді полицейлер.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі