Жарияланды: 14 қаңтар 150 Армениялық, қырғызстандық, ресейлік көліктер ел аумағынан шығарылады

Армениялық, қырғызстандық, ресейлік көліктер ел аумағынан шығарылады

Бұл туралы Kolesa.kz басылымы хабарлайды.

Шектеулер “Жол қозғалысы” туралы заңда жазылған. Құжаттың 63-бабына сәйкес, “Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген, халықаралық жол жүрісіне қатысатын және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін механикалық көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында жасалған немесе Қазақстан Республикасына әкелінген, осы Заңда айқындалатын механикалық көлік құралдары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады”.

65-бапттың 2 тармағына сәйкес “Отыз тәулікке дейінгі үзілістермен бір жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында қалған көлік құралы халықаралық жол жүрісінде деп есептелмейді”. Яғни, шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген көлік 30 күн ел аумағында болмауы тиіс. Бұл – Қазақстан территориясына бір жыл бұрын кіргізіліп тіркелмеген көліктер заңсыз жүр деген сөз.

Шетелдік нөмірмен жүрген жерлестеріміздің алдында үш нұсқа бар:

  • барлық алым-салықтарды төлеп көлікті заңдастыру.

  • көлік айып тұрағына шығарылғанға дейін 30 күнге шетелге шығып, көлікті қайта Қазақстанға кіргізу. 

  • техникалық құралды шетелге апарып сату.

Естеріңізге сала кетейін, қазір Қазақстанда 200 мыңа жуық көлік шетелдік нөмірмен жүр. 


Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

                
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
               


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі