Ресейлік балгер алматылық қызды 27 миллион теңгеге алдап кеткен

Ресейлік балгер алматылық қызды 27 миллион теңгеге алдап кеткен

Тергеу нәтижесінде ол өзін балгермін деп таныстырып, қазақстандықты алдап кеткені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жәбірленуші "балгерді" сайт арқылы тауып, одан Ресейден Алматыға келіп "сиқыр әрекеттерін" жасауды сұраған. 

"Балгер "сиқыр әрекеттерін" жасап, жәбірленушінің сеніміне кіріп 27 миллион теңгесін қағып кеткен", - делінген ПД хабарламасында. 

Полиция күдіктіні уақытша тергеу изоляторына қамауға алды. Бүгінде іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
                   
               


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі