Ағын су ысырабына жол берілмейді

Бүгінде Мемлекет басшысының ел халқына жолдаған жолдауына сәйкес елдегі аграрлық саланы дамыту жайына басымдық беріліп келеді. Әсіресе, шаруаларды алаңдатқан мәселесе ағын су жайын шешу жұмыстары қолға алынуда.

Screenshot_1.jpg

2019 жылы Түркістан облысындағы 6 су нысаны («Бөген» су қоймасы, «Қосқорған» су қоймасы, «Түркістан» магистралды каналы, «Арыс» магистралды каналы, «Қараспан» магистралды каналы және «Қараспан» су торабы) республикалық меншіктен облыстық меншікке өтті. Су нысандарын жергілікті деңгейде тиімді пайдалану Ордабасы, Отырар, Бәйдібек, Сауран аудандары және Арыс, Кентау қаласы өңірлерінің 78,8 мың га суармалы жерлерін және Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарын ағын сумен тұрақты түрде уақытылы қамтамасыз етуге мүмкіндіктер беріп отыр. Сонымен қатар, былтыр Түркістан, Арыс, Қараспан магистралды каналдарынан су алатын аудандардағы (иесіз, жеке және аудандық меншіктегі) 751 шақырымды құрайтын 161 канал облыстық меншікке өткізілді.

Ағын су ысырабына жол бермеу және су беру тәртібін реттеу үшін, облыста алғаш рет тариф бектілді. (1000 м.3 ағын су үшін 328,6 теңге). Нәтижесінде, шаруаларға ағын суды тек қажеттілікке сәйкес бөлу тәртібі енгізілді.

- Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» бойынша ірі су нысандарын іске асыру нәтижесінде, Түркістан өңіріне 200 млн.м3 ағын су қосымша жеткізіледі, - дейді облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі