Түркістанның азық-түлік белдеуі қалыптасуда

Түркістанда азық-түлік белдеуінде қалыптасуда. Бүгінде онда бірнеше жоба жүзеге асып жатыр.

38.jpg

Мәселен, «Түркістан Агро ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «1 200 басқа арналған заманауи тауарлы-сүт фермасы құру» жобасын қолға алған. Заманауи тауарлы сүт фермасының құрылыс жобасы италияндық «Rota Guido Srl» компаниясымен әзірленген. Жалпы құны 6,4 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда «Fortebank» арқылы қаржыландыру күтіліп отыр. Серіктестік өз қаржысы есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ферманың мал ұстау орнының қабырғасы тұрғызылды. Жоба толық іске қосылғанда, жылына 10 мың тонна сүт өндірілетін болады.

Аталған серіктестікте сүт фермасын мал азықтық дақылдарымен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы 733 гектарға АҚШ-тың «T-L» компаниясының 18 бірлік жаңбырлатып суару машиналары

орнатылып, жылына бір алқаптан 2 рет өнім алынып отыр. Бұдан бөлек 26 бірлік заманауи ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Өткен жылы егілген күздік бидайдың шығымдылығы жақсы. Аталған егістікті шілде айының ортасында орып алып, екінші өнімге жүгері дақылын егу күтілуде.

«Ынтымақ Агро XXI» ЖШС-нің – қазіргі таңда, австриялық «Bauer» компаниясының 8 бірлік жаңбырлатып суару машиналарын орнатты. Оның ішінде 3 бірлігіне күздік бидай егіп қойған қалған бөлігіне жүгері мен жоңышқа егу күтілуде.

Ал, «SPK-Sauran» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құны 1,5 млрд. тенгені құрайтын 829 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, мал азықтық дақылдардар өсіруде.

2019 жылы АҚШ-тың «Valley» компаниясының 3 бірлік және 2021 жылы австриялық «Bauer» компаниясынан 4 бірлік жаңбырлатып суару машиналары 371 гектарға орнатылды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін АҚШ-тың «Valley» компаниясының 5 бірлік жаңбырлатып суару машиналарын 265 гектарға орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда, 800 гектарға итальяндық жоңышқа тұқымын себу жұмыстары жүргізілуде. Жаңбырлатып суару технологиясы толық іске қосылған жағдайда жоңышқадан 2000 тн өнім алу жоспарланған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі