«Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор

Screenshot_26.jpg

Шымкент қаласында 2011 жылғы 17 желтоқсанда типтік жобада салынған 1200 орынды «Оңтүстік - Цирк» МКҚК ашылып ел игілігіне берілген болатын. 2018 жылдың 19 маусымда Шымкент қаласының құрамына өтті. Цирк өнерін насихаттау, алыс-жақын жерлерде халыққа көңіл-күй сыйлау мақсатында 800 орынды жылжымалы Шапито циркі жұмыс істеуде. 

«Шымкент-Циркі» ұжымы 10 жылдың ішінде біршама жетістіктерге жетті. Мәселен, 2012 жылы «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестиваліне қатысып, «Файер шоу» бойынша ІІІ-орынды иемденген болатын. Араға 3 жыл салып, 2015 жылы «Шабыт» ХVIIІ халықаралық шығармашыл жастар фестивалінен «Мачта» І- орынды алды.  «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестивалінен 2016 жылы «Канат» ІІ- орынды, 2016 жылы Ш.Қалдаяқов атындағы VII «Менің Қазақстаным» ән байқауының І-орын жүлдегері - Д.Хашимханова, 2016 жылы Қытай Халық Республикасы Хэнань провинциясының Лоян қаласында өткен ІІІ акробатикалық фестивалінде О.Касаткиннің жетекшілігіндегі әуе акробаттары І-орынды иемденген. Осы сынды түрлі байқаулар мен жарыстарда цирк өнерпаздары өнер көрсетіп Шымкент қаласының мерейін көтеріп келді.

Еліміздегі эпидахуал тұрақталса «Шымкент –Циркі» 10 жылдыққа арналған жаңа жобасын ұсынуы жоспарлануда. «Шымкент-циркі» – әлемдегі ең жас цирктердің бірі. Өнер ұжымы 2021 жылды «Аңсыз цирк» бірегей эксперименталдық жобасымен бастады. Ендігі кезекте клоунада және шапито, джигитовка, жонглерлік ету және эквилибристика, әуе гимнасттары секілді бағыттарды дамытпақ. Сондай-ақ,  «Тәуелсіздікке - 30 жыл» және «Шымкент-Циркіне- 10 жыл» мерекесіне орай Ресей, Қызғызстан, Тәжікстан, Моңғолстан, Өзбекстан, Қытай, Украина, Белоруссия, Алматы, Астана секілді 10 елден цирк нөмірлері шақырылып, фестиваль форматында 10 қойылым өтілу жоспарлануда. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • ​Шымкентте күтімді қажет ететін туристерге де жағдай жасалған
  • Облыста ішкі туризм дамуда