Этноауылда қолөнер шеберлері жұмыс істейді

Screenshot_27.jpg

Үшінші мегаполис-Шымкенттегі  Цитадель қалашығы – тарихи-мәдени жаңа нысан. Онда ашық аспан астындағы мұражай, амфитеатр, галереялар, жәдігерлер, қолөнер бұйымдары, ежелгі және ортағасырлық қаланың даму динамикасын сипаттайтын өзге де қызықты нысандар көп. Осы себепті, жаңа тарихи нысанға қызығушылық танытып отырғандар аз емес. Ескі қалашық «ҚР туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы туристендіру картасының ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген. Ескі қалашық аумағындағы этноауылдың киіз үйлерінде елімізге белгілі қолөнер шеберлері жұмыс істейді. Шеберлердің мұндағы еңбегі орасан: күнделікті келген қонақтарға гобелен тоқу, киіз басу, былғарыдан бұйымдар жасаудан бөлек, зергерлік, ағаш бұйымдардан шеберлік сағаттар өткізеді. Қонақтар жаңа мекенмен таныс болумен шектелмей арт-терапияның игілігін көреді. 

Белгілі қолөнер шебері Берік Болатбекұлы Бейісбеков ер тоқым, былғарыдан түрлі бұйымдарды дайындау әдістері, шығу тарихы, жасалу жолдары, ер-тоқым дайындаудың қыр-сырын үйретеді. Берік Болатбекұлының отбасында сегіз адам шығармашылықпен айналысады. Үлкен шығармашылық әулетте Қазақстан Суретшілер одағының жеті мүшесі, Қазақстан Қолөнершілер одағының бес мүшесі бар. Олардың арғы ата-бабалары қолөнерімен айналысқан, осы көркем дәстүрден бастау алатын әулеттің өнердегі өз жолы, өзінің дара стилі, өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан. Бүгінде бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Өнерлі отбасының орасан жұмысы халыққа берер үлгі-өнегесі мол, қайталанбас туындылар. Олардың әрқайсысы автордың өзгеге ұқсамас, өзіне тән қолтаңбалық шеберліктерін айқындайтын бұйымдар. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • Этноауылда қолөнер шеберлері жұмыс істейді
  • ​Шымкентте күтімді қажет ететін туристерге де жағдай жасалған